Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша пікір.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын біздің Президенттік орталықтың басшылығымен бірге, ұжымыздағы қызметтес әріптестер болып мұқият назар аударып, әрбір аталған міндеттер мен мақсаттарға ой жүгіртіп, зейін зердесіне салып тыңдадық. Әрі ұжым болып, бірлесе іске кірісіп те кеттік.
Жолдауды талқылай отырып, біздің ұжымның басшысы, орталықтың директоры нақты жоспарлы жұмыстарды алға тартып, оларды жүзеге асыруды тапсырды.
Иә, Жолдауда Президент, мемлекет дамуының негізгі бағыттарын нақтылып, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерден бастап, экология және де саяси реформаларға дейінгі түрлі саланың маңызды факторлары ұсынылды.
Бір ескеретін нәрсе, мемлекет Басшысының жолдауда нақтылаған жәйттері, ол өмірдің, күнделікті күйбең тірліктің өзінен туындаған өзекті мәселесі. Айтылған сөздері, тұтас бағыты, парасатты ойлары көпшіліктің көңіл түкпірінде қордаланып жүрген дүниесі болғандықтан бұқаара халықтың тарапынан қолдау тапты деп ойлаймын.
Өйткені, Президент өзінің Жолдауында бүгінгі таңда елімізде кезек күттірмейтін тағы өзекті тұсы - ол мемлекет дамуының негізгі бағыттарының бірі саналатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерден бастап, экология мен саяси реформаларға дейінгі әртүрлі саладағы маңызды реформаларды да ұсынды.
2024 жылдың тағы бір есте қаларлық қуанарлық жағдайы – ол мемлекет Басшысының Жолдаудауында айтылған елдің дамуындағы ерекше бастамалардың бірі алдағы 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы болды. Осындай мазмұнды әрі маңызды мәлімдеме арқылы еліміздің өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларындағы мамандардың әлеуетін арттыруға серпін болары сөзсіз.
Мұндай жаңашыл қадам елдің әлеуметтік, саяси-экономикалық тұрақтылығын нығайтуға барған сайын жұмысшы мамандықтарының қажеттілігі мен абырой-беделінің артуына, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, оларға кәсіби білім беру жүйесін тұрақты қалыптастыруына септігін тигізері хақ.
Өйткені біз сөз етіп отырған Мемлекет Басшысының Жолдауында ұсынылған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасына сәйкес, ізінше біздің ұжымда бірнеше іс-шаралар мен жобалар іске асырыла бастады. Солардың қатарында жас суретші-зергер, қазақстан қолөнер шеберлері одағының мүшесі Бақтжан Үсеновтың жеке шығармашылығына арналған «Шебердің қолы ортақ» атты көрмеміз көпшілік назарына ұсынылып, әсіресе шығармашыл жастар арасында үлкен беделге ие болды.
Сөзімді түйіндей келе айтарым, ағымдағы жылдың Жолдауында көтерілген басты мәселелер, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына кепілдік болатұғын қадамдардың бірі екені ақиқат.
Бұл Жолдау, еліміздің түрлі саласындағы реформалары мен жаңалықтары алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық тұрақтылықты теңгеретін әрі оларды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенемін. Өйткені «Ұлтымыздың сабақты жібі – ұмыт қалмау керек...»
Мен, барша Қазақстандықтарды еліміз үшін осы Жолдауда айқындалған жоспарларды, көтерілген өзекті мәселелерді жүзеге асыруға, дәріптеуге, орындауға шақырамын!
ҚР Президенті орталығының қызмет басшысы Н.А. Шырымбаева