Қаржылық қауіпсіздікті цифрландыру Astana IT University студенттерінің зерттеу нысанына айналды. Бұл тақырып Агенттіктің ұйымдастыруымен өткен «Hackathon AITU PC Task 20» байқауы аясында талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Құрамында 100-ден астам студентті қамтитын 46 команда өз жобаларын ұсынды.
Қатысушылар жасанды интеллект және геймификацияланған оқыту саласындағы міндеттерді шешу бойынша өз ойларымен бөлісті. Барлық командалар жоғары кәсібилік пен шығармашылық деңгейін көрсетті.
Үздік идеялар мен әзірлемелердің авторлары марапатталып, Агенттік бөлімдерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл студенттердің әлеуетін арттырып қана коймай, тәжірибе жинақтауына жол ашады.
Мұндай шаралар жас мамандарға мемлекеттік басқару мен қаржы мониторингін цифрландыру саласында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Айта кетейік, Агенттік Astana IT University-мен (AITU) тығыз байланыста және ақпараттық технологиялар саласында мамандар дайындауда көшбасшы жоғары оқу орны.
2021 жылдан бастап Агенттік университет студенттерін тағылымдама мен дуалды оқытуға қабылдап, болашақ мамандарға бірегей мүмкіндіктер беруде.
Бұл бастама аясында соңғы екі жылда 50-ден астам студент таңдалып, Агенттікте және AML Academy-де тағылымдамадан өтті. Олардың бір бөлігі Агенттікке жұмысқа қабылданса, қалғандары AML Academy-де қызмет атқарып жүр.
Ынтымақтастықтың негізгі элементі — AITU Project Challenge. Бұл инновациялық алаң студенттерге Агенттік мамандарының күнделікті кездесетін тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
Мұндай серіктестік Қазақстанда дуалды оқытуды табысты жүзеге асырудың жарқын мысалы болып табылады. Білім беру үдерісі кәсіби қызметпен ұштасып, студенттердің тәжірибелік және теориялық тұрғыдан жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етеді.
Бұл тәсіл студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына, сондай-ақ Агенттік, AML Academy және басқа да қаржы институттарында жұмыс істеу мүмкіндігіне жол ашады.