Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «Қазақтелеком» АҚ (+12,5%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+12,9%) акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы қарашада 3,0%-ға немесе 961,7 млрд теңгеге ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 22,0%-ға өсу), 2024 жылғы 1 желтоқсанда 32,6 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды DKnews.kz.
KASE индексінің мәні 2024 жылғы қарашада 6,0%-ға ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 31,9%-ға өсу), 2021 жылғы 1 желтоқсанда 5 524,8 тармақты құрады.
Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Қазақтелеком» АҚ, «Ulmus Besshoky» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен бір айда 21,4%-ға немесе 3,9 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы қарашада 22,0 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 84 қазақстандық эмитенттің 99 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.
«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша акциялардың 46 атауы және 55 шетелдік эмитенттің 13 ETF болды. «KASE Global» секторында жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі негізінен ProShares Trust және Tesla, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен бір айда 12,2%-ға немесе 0,5 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы қарашада 4,2 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі жекелеген эмитенттердің облигацияларын өтеу есебінен 2024 жылғы қарашада 0,5%-ға немесе 71,9 млрд теңгеге төмендеп, 13,7 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 1,4%-ға немесе 0,2 трлн теңгеге өсу).
2024 жылғы қарашада KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 4,0 есеге немесе 387,5 млрд теңгеге 517,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 121 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 500 шығарылымы болды (01.01.2024 ж. – 106 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 411 шығарылымы).
2024 жылғы қарашада корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 433,5 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қазандағы көрсеткіштен 6,8 есе немесе 370,1 млрд теңгеге жоғары. 2024 жылғы қарашада 10 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 12 шығарылымы орналастырылды, купондық сыйақы мөлшерлемесі 8,0%-дан 35,0%-ға дейін өзгеріп отырды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы қарашада 0,7%-ға немесе 0,2 трлн теңгеге 27, 0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 13,0%-ға немесе 3,1 трлн теңгеге өсу).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 70,2%-ға немесе 500 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы қараша айының қорытындысы бойынша 212,0 млрд теңгені құрады.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 87,1%-ға немесе 516,5 млрд теңгеге 76,5 млрд теңгеге дейін азайды. Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі өтеуге табыстылығы 12,50-13,30%-ды құрайтын 3 облигациялар шығарылымын орналастырып, 47,9 млрд теңге тартты, үш облыстың және Астана қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 28,6 млрд теңге тартты.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 32 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.
Инвестициялық пайлар нарығындағы басқарудағы активтер негізінен 17,6 млрд теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасының және шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестициялары есебінен 2024 жылғы қарашада 6,8%-ға немесе 21,6 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 338, 1 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 292,7 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 86,6%-ын құрады.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2024 жылғы қарашада Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,5%-ға немесе 85,1 мыңға ұлғайып, 3 428,5 мың шотқа жетті, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 684,9 мың қосалқы шотқа дейін 0,95 мыңға немесе 0,1%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 11,6 мыңға немесе 1,7%-ға азаю);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 2 743,6 мың шотқа дейін 84,1 мыңға немесе 3,2%-ға өсті (2024 жылдың басынан бері 994,6 мыңға немесе 56,9%-ға өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен бағалы қағаздарға инвестициялардың және кері репо операциялары көлемінің ұлғаюы есебінен 2024 жылғы қарашада 2,4%-ға немесе 18,2 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 768,8 млрд теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 9,4%-ға өсу). Міндеттемелер 13 млрд теңге мөлшерінде алынған қарыздардың ұлғаюына байланысты 4,9%-ға немесе 11,7 млрд теңгеге 249,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 4,0%-ға өсті).
Бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде меншікті капитал 1,3%-ға немесе 6,5 млрд теңгеге 519,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 12,1%-ға өсті).