Бас әскери клиникалық госпиталь қызметкерлері мен пациенттерді Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Астана қаласындағы Бас әскери клиникалық госпитальда ем алып жатқан мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесті.
Бас әскери клиникалық госпиталь бастығы медицина қызметінің полковнигі Арман Ескендіров әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевты емделушілер контингенті туралы хабардар етті. Әскери мейман неврологиялық және кардиоревматологиялық бөлімшелердегі мерзімді қызмет сарбаздарымен қауышып, оларға Қорғаныс министрінің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Мерзімді қызмет сарбаздары әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевпен өз жоспарларын бөлісті.
Армиядан кейін біреуі мамандық бойынша жұмысқа орналасқысы келеді, ал енді бірі грантпен оқуға түскісі келеді. Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы госпиталь басшылығына сарбаздарға Жаңа жыл қарсаңында туыстарымен байланысуға мүмкіндік беруді тапсырды. Әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев мейрам күні кезекшілікке келген госпиталь қызметкерлері мен әскери қызметшілерін мерекемен құттықтады. Қорғаныс ведомствосының әскери-медициналық қызмет жүйесіндегі жетекші клиникада жыл сайын бірнеше мың пациент стационарлық емдеуден өтеді.
Онда негізгі медициналық қызметтен бастап күрделі операцияларға дейінгі мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Емдеу орнының пациенттері – курсанттар, мерзімді қызмет сарбаздары, офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері.