Түркістан облысындағы қоғамдық қауіпсіздік

4257
Фотосурет: Gov

Түркістан облысының аудан, қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 200 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл камералардың мониторинг жұмыстарымен Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы айналысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Орталыққа барып, жұмысымен танысты. Басқарма басшысы бұл жобаның облыстағы жағдайды бақылауды жақсартуға және тәртіпті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатынын атап өтті.

Заманауи камералар жоғары анықтықта бейнемазмұн мен ұзақ қашықтықтағы көріністі қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Камералар құқықбұзушылықтарды жедел анықтау және алдын алу үшін арналған.

Айта кетейік, облыс аумағында өткен жылдың қазан айында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Облыстық полиция департаментімен бірлесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын бастаған болатын. Сондай-ақ, бейнежазбалар Жедел басқару орталығына қосылып, бақылауға алынған.

Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы адам көп шоғырланатын нысандарға камералар толық орнатылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -