Қазақстандағы STADA компаниясының ең танымал жұмыспен қамтушы ретіндегі дәрежесі аса беделді Top Employers Institute ұйымы тарапынан тағайындалған Top Employer 2025 атағымен дәлелденді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан мемлекетінен басқа, STADA компаниясы өзінің бірегей корпоративтік мәдениеті мен қызметкерлеріне деген айрықша қарым-қатынасы үшін әлемнің өзге елдерінде де мойындалып, компаниялар тобына Top Employer Europe 2025 атағы табысталды.
Тәуелсіз мамандар тарапынан ұйымдастырылған жан-жақты тексеру мен бағалау барысында STADA компаниясының қызметі 20 бағыттағы ең үздік салалық тәжірибелермен салыстырылып, Top Employers Institute ұйымы компанияның Қазақстандағы бөлімшелерінде бизнес-стратегия, көшбасшылық, өзгерістерді басқару, HR-процесстерін цифровизациялау, корпоративтік мәдениет, сол секілді миссия және құндылықтар секілді негізгі аспектілерін жоғары бағалады.
Top Employer 2025 ұйымының сертификаттауына қол жеткізуге мүмкіндік берген Қазақстандағы жергілікті әдістемелер мен артықшылықтар қатарында қызметкерлердің компания өміріне белсене араласуы, олардың адалдығы мен қанағаттану дәрежесін арттыруға бағытталған бірегей бағдарламаларды жасақтау мен енгізуді жатқызуға болады.
«Мен STADA компаниясының тағы бір мәрте Қазақстанда, сол секілді Европа бойынша Top Employer деп танылғанын ерекше мақтан тұтамын. Сертификаттау барысында айқындалған бөлімшелеріміздің жоғары жетістіктері жұмыс үшін айрықша шарттарды ұсынуға деген ниетіміздің бірден-бір дәлелі» STADA қызметкерлері бөлімінің жаһандық директоры Симона Бергер
Жалпылай алғанда, STADA тобының орташа баллы келесі салаларда айтарлықтай жоғарылады: ұйымдастыру және өзгерістер енгізу, қызметкерлердің тұрақты түрде дамуы мен әл-ауқатының қамтамасыз етілуі соның ішінде, қызметкерлердің әл-ауқатын бақылауға арналған жаһандық мобильдік қосымша секілді бастамалар арқылы да қамтылып отырды.