Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездескен еді, есеп тең – 2:2. Өткен жылы Майамидегі (АҚШ) соңғы ойында Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Бұл жолы бірінші партияда Киз брейкпен алға кетті – 3:1. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:3.
Екінші сетті Рыбакина сәтті бастап, айқын басымдылыққа қол жеткізді – 6:1.
Үшінші, шешуші партияда Рыбакина өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, Киз сондай сәттерде сәтті ойнады - 6:3.
Осылайша, ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.