Түркістан облысында туристік әлеуетті арттыру

1727
Фотосурет: Gov

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ескек есу каналының құрылыс барысын талқылау, оның жан-жағын туристік орталыққа айналдыру бағытындағы жобалар бойынша мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Италиялық сәулетші Доменико Ротоло туризмді дамытуға бағытталған жоспарлары мен жобаларын баяндап, өз тұжырымдамасын таныстырды. Ол отбасымен демалатын және туристерді тартатын аквопарк желісінің, жағажайлар мен қонақүйлердің тұжырымдамасын ұсынды. Сонымен бірге саябақтар, веложолдар салу және өзге де ұсыныстарын жеткізді. Ескек есу каналының халықаралық деңгейдегі сайыстарды қабылдайтынына сенім білдірді. Сонымен бірге мәжіліске бейнебайланыс арқылы қатысқан түркиялық сәулетшілер де өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Тек жаз емес, жылдың 4 мезгілінде де халық пен туристерге қызмет көрсететін орталық салу туралы пікірін білдірді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға жобаларды жан-жақты зерделеп, инвесторлармен келіссөз жүргізуді тапсырды. Түркістанды туризм орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -