Сот: әскери қызметкердің өлімі бойынша іс – баланың әкесі болып танылып, оның тәрбиесіне қатысқан адам жәбірленуші деп танылуға құқылы

4147
Фотосурет: depositphotos

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа берілген Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық процеске қатысушы тұлға жәбірленуші деп сот қаулысының негізінде танылады. 

Егер тұлғаны жәбірленуші деп тануға негіздердің жоқтығы анықталса, қылмыстық процесті жүргізетін орган өзінің қаулысымен аталған тұлғаның көрсетілген мәртебесінде қатысуын тоқтатуға міндетті. 

Сот анықтағандай, электронды қылмыстық іс материалдарында К.-ны жәбірленуші деп тану туралы қаулы жоқ. 

К., қайтыс болған баланың анасымен некеде тұрмаған, 
Баланың анасының айтуынша, баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлемеген, материалдық көмек көрсетпеген.

К.-ның қаза болған әскери қызметшінің әкесі екенін растайтын құжаттар жоқ.

Сонымен қатар сот қайтыс болған әскери қызметшінің әкесі ретінде басқа адамның тіркелгенін анықтады.

Осыған байланысты сот талқылауы барысында прокурор соттан К.-ны жәбірленушілер тізімінен шығаруды сұрады.

Сондықтан К.-ның жәбірленуші және азаматтық талап қоюшы ретінде қатысуы тоқтатылды. 

Бұл ретте К.-ның ашық режимде өтіп жатқан сот отырысына қатысуын жалғастыруға құқығы бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -