Қазақстанда бірінші бүкіләлемдік инклюзия конгресі өтеді

6215
Фотосурет: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы/ ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бұл жаңалық Лондонда өткен білім саласындағы ең ауқымды шара - Bett Show алаңында жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүкіләлемдік конгресс инклюзия саласы бойынша үкіметтің, педагогтердің, технологиялық компаниялардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ. Оның басты мақсаты - заманауи жетістіктерді талқылау, үздік тәжірибелермен бөлісу және инклюзиялық білім беруді дамыту.

Конгресстің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • Практикалық іске асыруға басымдық беру;
  • Үшжақты тәсіл (педагогикалық инновациялар, технологиялық жетістіктер, корпоративтік ынтымақтастық);
  • Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аудару.
«Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болады. Бұл беделді халықаралық шараны Қазақстанда өткізу - біздің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Оған халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға ықпал етеді» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева  

Анықтама үшін: 2024 жылы елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 230 мыңнан асты. Елдегі мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 80%-ды құрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -