9,2 млн теңгеге заңсыз сатып алу фактілері анықталды

3377
Фотосурет: freepik

Ақмола прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұланды ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорынның 2023-2024 жылдар бойы жүйелі түрде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей (веб-порталдан тыс, қағаз жеткізгіште) шарттарды заңсыз жасағаны анықталды.

Атап айтқанда, қазандықтарды тексеруге, мұнай өнімдері мен кеңсе жиһаздарын сатып алуға, сондай-ақ арнайы техниканы жалға алуға жалпы сомасы 9,2 млн теңгеге 7 шарт анықталды.

Осы тәсілмен шарттар жасасу камералдық бақылауды айналып өту, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді бермеу құралы болып табылады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -