Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Спортшы жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтады.
Алтын медаль жапониялық Икума Хоришимаға бұйырды – 86,24 ұпай. Үшінші орынды француз Бенджамин Каве 83,82 ұпаймен иеленді.