Пойыздағы музыкалық сыйлық

2398
Фотосурет: КТЖ

Ұлттық тасымалдаушының пойызында 20-дан астам жас домбырашы күй орындады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Рух» балалар оркестрінің 20-дан астам жас домбырашысы Ұлттық тасымалдаушының №3/4 «Алматы-Астана» пойызында өнер көрсетіп, жолаушыларға ерекше музыкалық көңіл-күй сыйлады. Олар Алматыда өткен «Бала шабыты» байқауында Гран-при иеленіп, Астанаға жеңіспен оралды.

Сапар барысында жас өнерпаздар Асылбек Еңсеповтың «Әке толғауы» күйін орындап, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктері мен орындаушылық шеберліктерін паш етті. Олардың әсерлі ойыны жолаушылардың көңілінен шығып, үлкен қошеметке ие болды.

Нұрлы жол вокзалында жас домбырашыларды туған-туыстары гүл шоқтарымен, сыйлықтармен және жүрекжарды құттықтауларымен қарсы алды. .

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -