Салық-бюджет реформасы: Бизнестің және мемлекеттік органдардың ашық диалогы

2332
Фотосурет: Gov

Астанада Қаржы министрінің, Ұлттық экономика және Қаржы вице-министрлерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы мен Өңірлік кеңесінің, бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, мәслихат депутаттарының, елорда әкімдігі басшылығының қатысуымен бизнес-қоғамдастықпен кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуге қатысушылар жоспарланған салық және бюджет реформасын талқылады. Үкімет өкілдері негізгі өзгерістер, олардың мақсаттары мен нәтижелері туралы жан-жақты түсіндірме берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ашық микрофон форматында кәсіпкерлер реформа бойынша сұрақтар қоюға, оны іске асыру перспективалары мен ықтимал тәуекелдерді талқылауға мүмкіндік алды. Келіп түскен сұрақтарға орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы тарапынан толық түсініктеме берілді.

Бұл шара кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып, салық және бюджет саясатын реформалау үдерісінде ашықтықты қамтамасыз ететін бизнес пен үкімет арасындағы сындарлы диалогтың маңызды алаңына айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -