Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.
Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.