«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы азаматтарды +870 кодымен басталатын телефон нөмірлерін пайдаланып, жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
+870 кодымен байланыс Инмарсат спутниктік жүйесіне тиесілі және ол теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс орнатуға арналған. Алайда, алаяқтар бұл кодты Қазақстанның телефон нөмірлеріне ұқсас болғандықтан, тұрғындарды алдау үшін белсенді түрде қолдануда.
Инмарсат спутниктік жүйесінде қолданылатын тағы бірнеше ұқсас кодтар бар:
- +870 — жалпы желіге кіру коды (SNAC);
- +871 — Атлант мұхитының шығысы (AOR-E);
- +872 — Тынық мұхит аймағы (POR);
- +873 — Үнді мұхиты аймағы (IOR);
- +874 — Атлант мұхитының батысы (AOR-W).
+870 коды — жалпы байланыс коды, бірақ бұл код арқылы қандай спутник қолданылғаны белгісіз. Сонымен қатар, SNAC терминалдарына қоңырау шалу мүмкіндігі жоқ.
Алаяқтықтан сақ болыңыз!
- +870 және осыған ұқсас кодтары бар бейтаныс нөмірлерге қоңырау шалмаңыз!
- Жеке деректеріңізді, SMS кодтарын және банк карталарыңыз туралы ақпаратты ешкімге бермеңіз!
- Егер сізден код немесе басқа ақпарат сұралса, бұл алаяқтықтың белгісі болып табылады. Ешқандай ақпаратты бермеңіз!
Сақ болыңыздар!