Lufthansa Қазақстан аспанына қайта оралды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматы халықаралық әуежайы 5 апталық үзілістен кейін Lufthansa әуекомпаниясының рейстері қайта жанданғанын қуана хабарлайды.
Lufthansa Алматыға аптасына бес рет, ал Астанаға аптасына төрт рет рейстер орындайтын болады. Ұшулар үш классты қамтылған Airbus A340 және Airbus A330 жайлы әуелайнерлерінде жүзеге асырылады.
Алматы халықаралық әуежайы Lufthansa әуекомпаниясын қайта қарсы алуға қуанышты.