Астананың Сарайшық ауданында мектеп оқушыларына арналған «Таза қозғалыс» квесті өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шара балаларды интерактивті тапсырмалар арқылы табиғатты қорғауға үйрету мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шара барысында қатысушыларға зияткерлік сұрақтар қойылды.
«Квест төрт турдан тұрады. Әр команда қатысушыларына сұрақтар қойылады. Олар жан-жануарлардың ізі бойынша қандай екенін табуы керек. Ал үшінші тур қоқыстарды сұрыптау, шыны, пластик, қағаздарды әр қоқыс жәшігіне бөліп салады. Соңында флешмоб ұйымдастырылды», - деді Сарайшық ауданы әкімдігі Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Динара Закир.
Іс-шара соңында қатысушылар алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.