ТЖМ мен Халықаралық ғылыми-техникалық орталық байланыстарын нығайтуда

3025
Фотосурет: Gov

24 ақпанда ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жұмыс кездесуі аясында ТЖМ-ның ХҒТО мен Еуропалық Одақтың «Орталық Азия суларындағы радиация мен ауыр металдардың мониторингі жүйесі» бірлескен жобасына қатысу мүмкіндіктері талқыланды, ол аймақтық және ұлттық деңгейлерде стандартталған технологиялар мен шешім қабылдау процестерінің көмегімен қолданыстағы ұлттық жүйелерді бағалауға және жетілдіруге бағытталған.

Талқылау барысында Орталық Азия өңірінде осы жобаны іске асырудың негізгі мақсаттары, күтілетін нәтижелері мен негізгі кезеңдері қаралды, сондай-ақ сейсмологиялық датчиктерді орнату бойынша ХҒТО-ның ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығымен тиімді ынтымақтастығы атап өтілді.

ХҒТО өкілдері үшін ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының ахуалдық залы бойынша қысқаша экскурсия өткізілді, оның барысында дағдарыс жағдайларында басқару мен жедел әрекет етудің заманауи технологиялары, сондай-ақ тәуекелдерді мониторингтеу және болжау жүйелері көрсетілді.

Вице-министр: «Тәуекелдерді мониторингілеу және болжау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Озық технологияларды енгізу және тәжірибе алмасу бізге ТЖ ден қою және алдын алу жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді».

Сонымен қатар, су қоймасына су ағынын есептеуге, көктемгі су тасқынының көлемін анықтауға және су басу аймақтарын модельдеуге мүмкіндік беретін «Tasqyn» қазақстандық су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесінің және жасанды интеллект негізінде жер сілкінісін болжау жүйесінің жұмыстары таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің орнықты дамуын арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздік және ықтимал қауіптерге жедел ден қою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -