Әскери және құқықтық тәртіпті жетілдіру шеңберінде Шекара қызметі бөлімшелерінде Бас әскери прокуратура, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланмен бірлесіп әскери қызметшілер арасында лудомания, суицид және басқа да жағымсыз көріністердің алдын алуға бағытталған «Өмірді сақта» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Серік Рахимов мәлімдеді. Атап айтқанда, офицер-тәрбиешілердің штаттағы саны 138 бірлікке ұлғайтылды, бұл бөлімшелердегі әскери және құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Оқу орталықтарында қызметке шақырылатын мерзімді сарбаздарды сапалы зерделеу үшін қосымша 66 тәрбиеші лауазымы, 40 психолог, оның ішінде полиграфологтар енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Өткен жылы әскери психологтар әскери қызметшілер арасында моральдық-психологиялық жағдайды зерттеу бойынша, сондай-ақ қызметтің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған 10 мың сауалнама жүргізді» Серік Рахимов
Сонымен қатар Серік Рахимовтың айтуынша, 2023 жылдан бастап сарбаздардың аумақтық қағидат бойынша мерзімді қызметте әскери қызмет өткеруі, сондай-ақ әскерге шақырылушылар мен ескі қызметшілер арасында жеке қызмет өткеруі де оң нәтижелерге ие.
«Яғни, олар қызметте бір-бірімен байланысқа түспейді, бұл ықтимал қақтығыстардың пайда болуын азайтады. Сондай-ақ командирлер оларға тәулік бойы бақылау жүргізеді. Әрқайсысына олардың сипатын ескере отырып, жеке көзқарас таңдалады. Корпоративтік құндылықтар, бірлік пен бауырластық рухы қалыптасуда» Серік Рахимов
Сарбаздардың аналар комитетімен өзара іс-қимылі ұдайы нығайтылуда, жастарды тәрбиелеу үшін «Застава тарландары» ардагерлер ұйымының өкілдері тартылуда. Шекара маңы аудандарының мектептерінде 375 «Жас Шекарашы» арнайы үйірмесі құрылды, онда 7000-нан астам оқушы бар.