2025 жылы активтердің сапасын бағалайтын банктер анықталды

1320
Фотосурет: Kazgazeta.kz

Кеңес активтердің сапасын тұрақты бағалау үшін банктердің тізімін бекітті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысын өткізді, оның барысында банк секторын реттеудің өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, Ұлттық экономика министрлігінің және Қаржы министрлігінің басшылары қатысты.

Кеңес мүшелері бөлшек кредит портфелі бойынша секторлық контрциклдік капитал буферін (СККБ) жандандыру жөніндегі Ұлттық Банктің ұсынысын қолдады. Бұл шешімнің қажеттілігі халыққа кредит берудің шамадан тыс өсуімен байланысты. СККБ бастапқы деңгейі 2% мөлшерінде белгіленеді және 2025 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Өз тарапынан Агенттік МҚҰ үшін капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды күшейтетін болады.

Отырыс барысында дағдарысқа қарсы ішкі және ведомствоаралық жоспарлардың архитектурасы мәселесі Кеңестің және ХВҚ-ның Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасының (FSAP) қорытындылары бойынша негізгі ұсынымдарын орындау шеңберінде де қаралды. Дағдарысқа қарсы жоспарлар әр түрлі сценарийлерді қамтиды және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді жетілдіруге бағытталған.

Кеңес 2025 жылғы активтердің сапасын тұрақты бағалауға (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуге (ҚСТ) қатысатын банктердің тізімін бекітті. Тұрақты AQR аясын айқындау үшін барлық банктер бойынша активтер, кредит портфелі бойынша деректер және NPL үлесі талданды. Есептеулерге сәйкес Агенттік тұрақты AQR және ҚСТ аясын өзгеріссіз сақтауды ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы тұрақты AQR және ҚСТ аясына банк секторы активтерінің 85%-ын және кредит портфелінің 86%-ын құрайтын 11 банк кірді. 2024 жылғы тұрақты AQR және ҚСТ нәтижелері бойынша 11 банктің капитал жеткіліктілігінің жиынтық деңгейі белгіленген реттеушілік нормативтен асып түседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -