Қазақстандық аграрилерге 700 млрд теңге бөлінді

1188
Фотосурет: UKIMET

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландырудағы тәсілдер туралы баяндап, 2024 жылы жылдық 5%-бен жеңілдетілген несиелік өнімдерді енгізу шаруаларға алғаш рет қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды толық көлемде сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жеткілікті көлемде лизингке алуға мүмкіндік бергенін жеткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Нәтижесінде 5,8 млн га немесе жалпы егіс алқабының 25%-ы қамтылды, 4300 бірлік отандық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жеңілдікті лизинг бағдарламасының арқасында ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту 5,5% құрады. Көктемгі егіс жұмыстарына арналған қарыз сомасының 85%-ын кепілдендіру бағдарламасын енгізу есебінен кепілдік базасы жеткіліксіз шағын және орта фермерлер үшін жеңілдетілген несие алуға қолжетімділік кеңейтілді.

UKIMET

Ведомство басшысының сөзінше, жалпы сомасы 35 млрд теңгеге айналым қаражатын толықтыруға өңдеу зауыттарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Биыл барлық аталған бағыттар бойынша жұмыс күшейтіледі. Айта кететін жайт, көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие көлемі 700 млрд теңгені құрайды. 

Өткен жылдың қараша айында басталған егін науқанын ерте қаржыландыруды ескерсек, бүгінгі таңда 206 млрд теңгеге 1,8 мыңнан астам АШТӨ қаржыландырылған. Жалпы, биыл кемінде 8 млн га егіс алқаптарын қамтуды жоспарланған.

«Елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 200 млрд теңгеге жеңілдетілген лизингті ұйымдастыру 6 мың отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік береді. Несие берудің қолжетімділігінің маңызды факторы 2024 жылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қосылуы болды. Бұл шаруашылықтарға оң әсерін тигізді. Өткен жылы бұл бағдарламаға 7 ӘКК қатысты. Бүгінгі таңда тек 4 ӘКК қатысуда. олар Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар. Бұл жағдай шаруалар арасында наразылық тудыруда. Осыған байланысты облыс әкімдіктеріне ӘКК арқылы аграрлық қаржыландыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсыруыңызды сұраймын» Айдарбек Сапаров

АӨК қаржыландыруды кеңейту үшін қаржы институттарын тікелей субсидиялау енгізілетін болады. Ағымдағы жылы Аграрлық несие корпорациясы арқылы 48 млрд теңге өңдеу кәсіпорындарын қолдау үшін айналым қаражатына берілетін болады. 

Министрдің мәліметінше, көктемгі егіс жұмыстарына ұқсас мал шаруашылығы үшін айналым қаражатын толықтыруға 50 млрд теңге мөлшерінде жеңілдетілген қаржыландыру енгізілетін болады. Айналым қаражатына арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюын ескере отырып, шаруалардың коммерциялық қарыздары бойынша мөлшерлемені субсидиялауды алып тастау ұсынылады. Бұл субсидиялаудан жеңілдетілген несие беруге кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыруға және жергілікті бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Биыл 141 инвестициялық жобаны іске асыру үшін 200 млрд теңге көзделді. Аталған бастамалардың барлығы АӨК-нің тұрақты дамуын нығайтуға, сондай-ақ Президенттің субсидиялаудан жеңілдікті несиелеуге көшу жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -