Қазақстандағы жалпыұлттық бірлік: 30 жылдық бірлік пен келісім

3784
Фотосурет: po.qr-pib.kz

ҚР ПІБ Президенттік орталығында ҚХА-ның 30 жылдығына орайластырылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты 30 жыл ішінде бірлікті, үйлесімділікті және мәдениетаралық диалогты нығайтудағы ҚХА-ның бірегей рөлін, сондай-ақ елдің этникалық және мәдени топтары арасында бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтау, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты дамытуға баламасыз институттың қосқан үлесін талқылау болды.

Отырыс жұмысына Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, еліміздің этномәдени және жастар бірлестіктерінің басшылары мен мүшелерінен, сондай-ақ депутаттық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен 60-қа жуық адам қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихы мен конституциялық мәртебесі бар бірегей қоғамдық институт ретіндегі дамуы туралы айтып берді.

Қазіргі таңда Ассамблея - 50 мыңнан астам адамнан тұратын құрылымдалған жүйе, онда әрбір институт өзінің маңызды қызметін атқаратыны атап өтілді. Мыңнан астам этномәдени бірлестік Қазақстанның ұлттық мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін ҚХА-ның негізі болып табылады. Олар барлық этнос өкілдеріне біртұтас қазақстандық ұлттың бір бөлігі болып қала отырып, өздерінің өзіндік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға көмектеседі.

«Ассамблеяның 30 жылдық жолы - бұл ұйымның тарихы ғана емес, еліміздің мемлекеттік бағытының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл жолдың негізінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалыптасқан ұлттық бірлік, өзара құрмет және жасампаз диалог идеясы жатыр. Қазақстан адамдардың ұлттық және діни сезімдеріне ұқыпты әрі нәзік көзқарасты ұстанатын «Алуан түрліліктегі бірлік» қағидатын берік ұстанады. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы тек қорытынды шығару үшін ғана емес, сондай-ақ орын алып отырған проблемаларды, оларды шешу жолдарын және этносаралық қатынастар саласын одан әрі дамыту перспективаларын кеңінен және ашық талқылау үшін де маңызды» ҚР ПІБ Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, ҚХА Достық елшісі Сұлтан Раев өз сөзінде білім мен мәдениет Қазақстанда ұлтаралық келісім мен бірлікті қалыптастырудың негізгі құралдары болып табылатынын атап өтті. Бұл салаларды дамыту этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға әсер етеді және ұлттық бірлікті нығайтады. Канада, Швейцария және Сингапур сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі Қазақстанға этномәдени әртүрлілікті басқару бойынша құнды сабақтар береді. Бұл саланы тиімді басқару бірлікті сақтауға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Мәдениетаралық диалогта түрлі мәдениеттермен танысу арқылы өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыруға ықпал ететін жастардың бастамалары ерекше рөл атқарады.

ҚР Сенатының депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігінің жетекшісі Евгений Больгерт Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының бірегейлігі, сондай-ақ ел Парламентінің Жоғарғы палатасының жұмысына ҚХА ұсынған депутаттық топтың үлесі туралы айтып берді.

Өз кезегінде, «Родны кут» ҚР белорустық мәдени орталықтар қауымдастығының төрағасы Дмитрий Останькович бүгінде қауымдастық мәдени байланыстарды нығайту, белорустық диаспора бастамаларын қолдау және Қазақстанның көпұлтты қоғамының үйлесімді дамуына жәрдемдесу үшін тұғырнама болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, іс-шарада ҚР Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов, «ҚР Беларусь мәдени орталықтары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Дмитрий Останькович, «Қоғамдық келісім» директорының орынбасары Руфина Усанова, «Жастар Ассамблеясының» төрағасы Тимур Жұмырбаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова сөз сөйленді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында құрылды. 2007 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы деп өзгертілді. Конституциялық реформа нәтижесінде 2007 жылы Ассамблеяға конституциялық мәртебе беріліп, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутатты сайлау құқығына ие болды, бұл ҚХА-ның саяси-басқару рөлін айтарлықтай арттырды.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясаттың құралы болып табылады, оның қызметі республикадағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты іске асыруға, қамтамасыз етуге және этносаралық қатынастар саласындағы қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған. Ассамблея оң халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, сондай-ақ өз тетіктерін құра отырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру жолымен сенімді ілгерілеуде. Ассамблеяның белсенді қызметінің арқасында көпэтносты және көпконфессиялы Қазақстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -