Қауіпсіз еңбек: өндірістегі жарақаттарды азайту

1474
Фотосурет: pixabay.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту бойынша онлайн-кеңес өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға Еңбекмині Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының және «PARYZ» ҚР Жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасында 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру барысы, атап айтқанда кәсіпорындарға тәуекел сыныбын бере отырып, кәсіптік тәуекелдерді интегралды бағалау рәсіміне толыққанды көшуге бағытталған құралдарды енгізу және жұмыстар жүргізу қаралды.

«Қазіргі уақытта қолданысқа енгізілген Кәсіпорындардың цифрлық картасы нақты уақыт режимінде кәсіпорындардағы тәуекелдерді болжауға және алдын алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде 91,1 мың кәсіпорындағы жағдайға мониторинг жүргізіледі. Осындай алдын алу шараларының арқасында жоғары тәуекел аймағынан 2,8 мың кәсіпорын шығарылды, оларда жалпы 70 мыңнан астам жұмыскер бар», – деді Ақмәди Сарбасов.

Ол сондай-ақ биыл Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп Қазақстанның тау-кен өндіру секторында еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесу жөніндегі арнайы жоба іске қосылғанын хабарлады.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту, Қазақстанда еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігі және т. б. бойынша ықтимал шараларды талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -