ТЖМ 33 адамды қар құрсауынан құтқарды

1375
Фотосурет: Gov

ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 10 автокөлікті сүйреп шығарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бүгін көптеген саяхатшылар ТЖМ мамандарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. 

Құтқарушылар 10 автокөлікті қар үйінділерінен жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, жақын маңдағы елді мекендерге дейін сүйемелдеді.  Салондарында 33 жолаушы, оның ішінде 5 бала болды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқыс оқиғалар Қостанай облысының Жангелді, Науырзым аудандарында және Арқалық қаласының маңында, сондай-ақ Қарағанды облысының Нұра, Абай аудандарында орын алды.

ТЖМ жүргізушілерге дауыл туралы ескерту алған кезде сапарларын кейінге қалдыруға кенңс береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -