Өнер саласындағы инклюзияны дамыту перспективалары

1562
Фотосурет: ©️ Н.Байбулин /Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның белгілі әртісі Алтыншаш Мұқатаевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Жүздесу барысында отандық мәдениет пен шығармашылық саласымен бірге өнер өлкесіндегі инклюзияны дамытудың негізгі мәселелері қозғалды. Ол ұлттық ерекшелікті қалыптастыру, әлеуметтік ынтымақты нығайту және Қазақстанды әлемнің мәдени кеңістігіне ықпалдастыруда маңызды рөл атқаратыны айтылды.  

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Сенатор инклюзивті шығармашылық көптеген елдерде әлеуметтік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып келе жатқанын және Қазақстан да одан сырт емес екенін атап өтті. Мемлекет барлық азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамның мәдени өміріне толық қатысуы мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Бұл мәдени шаралар мен білім беру бағдарламаларына қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар мүгедектерді шығармашылық үдеріске белсенді тарту болып табылады.

«Қазақстанда инклюзивті шығармашылықты дамытудың келешегіне зор сенім артып отырмыз. Мүгедектерді қолдауға бағытталған мәдени бастамалардың саны жыл сайын ұлғайып келеді. Қолжетімді мәдени ортаны құру және мәдени өмірдің барлық қатысушыларына тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асуда. Инклюзивті өнердің болашағы мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, инклюзивті білім беру бағдарламаларын енгізуге және қоғамның хабардарлығын арттыруға байланысты», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Тараптар кездесу соңында еліміздегі инклюзивті саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралармен қоса басқа да бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -