Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
2021-2024 жылдар аралығында 2 641 әкім сайланды, олардың шамамен 70%-ы осы лауазымға алғаш рет келді. Жалпы, ауыл әкімдерінің 97%-дан астамы сайланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.
Сондай-ақ оның айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Аманат» партиясы министрліктің қолдауымен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін қайта даярлау бағдарламасын әзірледі.
Жобаның негізгі мақсаттары – жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін тиімді шешу және әкімдердің кәсіби және басқарушылық құзыреттерін арттыру есебінен тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы ауылдық округтердің Экономикалық даму бағдарламаларын әзірлейді. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында еліміздің 17 өңірінен 1 815 ауыл әкімі білім алуда.
Бұдан бөлек, ауылдық округ әкімдерінің өкілеттіктерін кеңейту мақсатында мынадай шаралар ұсынылады:
- әкімдерге азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің белгіленген жүйесі бойынша еңбек шарты шеңберінде жұмыскерлерді жалдау құқығын беру;
- халыққа ақылы қызмет көрсету құқығымен арнайы техника мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға рұқсат беру;
- әкімдер мен олардың аппараттарының көше саудасын мониторингілеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын пайдалануды бақылау, ақылы қызметтер көрсету және басқа да мәселелер бойынша өкілеттіктерін кеңейту.
«Бұл инновациялар Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қосымша пысықталатын болады» Деп толықтырды спикер
Бауыржан Омарбеков атап өткендей, тағы бір өзекті мәселе – ауыл бюджетінің кіріс көздерін кеңейту. Қазіргі уақытта бюджеттің 4 деңгейіндегі кірістер салық түсімдерінің 8 түрі және аудандық бюджеттен түсетін түрлі түсім, айыппұлдар мен трансферттер есебінен қалыптастырылады.
4 деңгейдегі кірістер енгізілген сәттен бастап кірістер екі есеге өсті. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 деңгейдегі бюджеттің жоспарлы түсімдері 308 млрд теңгені құрады, ал іс жүзінде 320 млрд теңге түсті, бұл жоспардан 103,8%-ға жоғары. Бұл ретте вице-министр ауылдық бюджеттердің қаржылық дербестігін арттыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты келесі түсімдерді беру есебінен ауылдық округтер бюджетінің кіріс көздерін кеңейту ұсынылады:
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығының бөліктері;
- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
- белгілі бір қызмет түрлеріне лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер.
Бұдан бөлек, Бюджет кодексінің жаңа жобасы шеңберінде 4 деңгейдегі бюджетке кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты беру жоспарлануда. Осылайша, 4 деңгейдегі бюджеттің өз кірістерін 4 есеге – 68 млрд теңгеден 263 млрд теңгеге дейін ұлғайту күтілуде. Ауылдық бюджеттердің кіріс көздерін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады.