«Алау» әскери-спорттық ойыны үздіктерді жинады

3553
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Абай облысының Шүлбі кентінде «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық іріктеу финалы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери-спорттық ойынның финалына 70 астам мектеп оқушылары жиналып, өз аудандары мектептерінің намысын қорғады. Олар Семей, Аягөз қалалары, Абай, Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Мақаншы аудандарынан келген үздік командалар бақ сынасты.

«Алау» ойынының талаптары бойынша оқушылар саптық байқау, белтемірге тартылу – ұлдар үшін,   арқада жатып денені көтеру – қыздар үшін, автоматты толық емес бөлшеектеу және жинау, шығармашылық конкурс және өз елді мекенінің тарихи тұлғасы бойынша жобаны қорғау бойынша сынақтар өткізілді.

Екі күнге созылған «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы кезеңінде жекелей және командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мадақтама қағаздары және кубоктармен марапатталды. Үздік үштікте орындар келесідей орналасты: үшінші орын – Аягөз ауданының командасы, екінші орын – Ақсуат ауданының командасы және жүлделі бірінші орынды – Жарма ауданының командасы еншілеп, республикалық ойынға жолдаманы жеңіп алды.

Еске салайық, «Алау» әскери-спорттық ойынының республикалық кезеңі 2025 жылдың маусым айында Қарағанды облысында өтетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -