Қазақстанның 14 жасқа дейінгі құрамасы World Junior Tennis финалдық кезеңіне жолдама алды

1826
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда камбэк жасап, Қытайлық Тайбэйді 2:1 есебімен жеңді.

Алғашқы тартысты бәсекеде Бексұлтан Бауыржанов Йенг Ценгке есе жіберді — 4:6, 6:4, 6:7 (4:7).

Екінші ойында Ахмади Мақанов Хуан Цайдан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді.

Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Мақанов Хақназар Жеткербаймен бірге Цай — Чанмен бәсекеде жеңісті жұлып алды — 6:3, 4:6, 10:6.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан құрамасының капитаны Сағадат Аяп Азия — Тынық мұхит аймағында бәсекелестіктің жоғары болғанына қарамастан, жаңа табысқа қол жеткізгендерін атап өтті.

"Бұл — Қазақстан теннисі үшін маңызды жеңіс. Ел намысы үшін аянбай күрескен шәкірттеріме ризамын. Енді алдағы әлем чемпионатына мықтап дайындаламыз" Сағадат Аяп

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -