Елімізде су тасқынынан қорғау бойынша кешенді шаралар қабылданды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны жағдайы мәселесі қаралды. Су тасқыны мен құрғақшылыққа бейімделу, сондай-ақ су инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыру үшін қабылданған шаралар туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады.
UKIMET
Өткен жылғы су тасқынының салдарын ескере отырып, 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы өзектендірілді. Оның негізіне судың залалды әсеріне қарсы іс-қимыл шаралары мен инфрақұрылымның орнықтылығын арттыруға бағытталған бастамалар алынды. Негізгі назар – су тасқыны мен құрғақшылықты болжау, мониторингтің цифрлық құралдарын дамыту және халықты ерте ескерту жүйесін енгізуге аударылды.
Саланы жүйелі жаңғырту мақсатында 2024 жылғы тамызда Үкімет Су шаруашылығы саласын дамытудың бес жылдық кешенді жоспарын бекітті. Жоспар еліміздегі барлық су шаруашылығы инфрақұрылымын ауқымды қайта құру мен жаңартуды көздейді. Бұл олардың сенімділігін едәуір арттырып, су тасқыны суларын қабылдауға арналған қосымша сыйымдылықтар құруға мүмкіндік береді.
«Маңызды қадамдардың бірі – Мемлекет басшысының 2025 жылғы 9 сәуірде қол қойған жаңа Су кодексі. Онда су секторының климаттың өзгеруіне бейімделуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптардың нақты рөлдері мен міндеттері, өзара іс-қимыл алгоритмдері айқындалған. Бұған су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы шаралар да кіреді» Нұржан Нұржігітов
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала басталды. 2024 жылы 1395 гидротехникалық құрылыс тексеріліп, оның ішінде 560 нысан жөндеуді қажет ететіні анықталды. Оның 79-ы қалпына келтірілді, 46 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 18 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. «Қазсушар» РМК техникалық әлеуетті күшейтеді – жоспарланған 757 арнайы техниканың 268-і жеткізілді.
Өзен арналарына ауқымды тазарту жүргізілуде: Жол картасын іске асыру басталғаннан бері Ертіс, Орал, Жем және басқа да өзендерді қоса алғанда, 239 шақырым өзен арнасы тазартылды. Жол картасынан тыс жергілікті атқарушы органдар да өзен арналарын тазарту жұмыстарын өз бетінше жүргізуде. Мысалы, Ақмола облысының әкімдігі Қажымұқан ауылы маңындағы Есіл өзенінің арнасын 18 шақырым тереңдетсе, Павлодар облысы әкімдігі Талинка өзенінің 7 шақырымын тазартты. Сондай-ақ жалпы 286 елді мекенді қамтитын ұзындығы 590 шақырым болатын 261 бөгет салынды.
Еліміздің алты өңірінде «Демеу Қазақстан Қоры» қорының есебінен жалпы ұзындығы 300 шақырым бөгеттер салу және нығайту бойынша 57 жоба іске асырылуда. Қазірдің өзінде 200 шақырымнан астам бөгеттер салынды.
Коммуналдық су нысандарын тиімді басқару үшін 6 коммуналдық кәсіпорын құрылды, онда 1124 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл кәсіпорындар қазіргі уақытта 828 коммуналдық меншік нысандарына қызмет көрсетеді. Балансқа қосымша 40-қа жуық құрылым берілді.
Сонымен қатар елімізде су тасқынын дәл болжау үшін жаңа технологияларды енгізуде. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Қазақстанда алғаш рет су тасқынына бейім учаскелердегі ықтимал жағдайларды модельдеудің инновациялық құралы – «Tasqyn» жүйесі пайдаланылуда. Жүйе күн сайын «Қазсушар» РМК басқаруындағы 86 су қоймасының жұмыс режимі туралы деректермен жаңартылады. Сондай-ақ су деңгейлері мен ағыны бойынша нақты және болжамды деректерді қамтитын 75 өзеннің цифрлық гидрографы әзірленді. Жүйеде «Қазгидромет» РМК және GloFAS (ГлоФас) халықаралық платформасының деректері пайдаланылады.
Бұдан бөлек, Министрлік БҰҰ Даму Бағдарламасымен (ПРООН) бірлесіп, су қоймаларындағы судың келу көлемін болжауға арналған Talsim ақпараттық жүйесін бейімделеніп енгізілуде. Қазіргі уақытта Есіл және Нұра өзендерінің бассейндері модельденген. Еліміз бойынша барлық су ресурстарын модельдеуді аяқтау жыл соңына дейін жоспарланып отыр. Жаңа жүйелердің тиімділігі іс жүзінде дәлелденген.
«Мысал ретінде, Talsim жүйесі 11 сәуірге қарай Астана су қоймасына 91 текше метр/сек көлемінде су келуін болжады, нақты түсім – 97,2 текше метр/сек болды. Ал өз кезегінде «Tasqyn» жүйесі Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде 7 сәуірге арналған су тасқынының шарықтау шегін 581 текше метр/сек деп болжады, нақты ағыс – 567 текше метр/сек болды» Нұржан Нұржігітов
Жалпы, еліміз бойынша су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Нұржан Нұржігітов ведомство ахуалды дамытудың – стандартты және ағын көлемін 50%-ға ұлғайтуды көздейтінін кеңейтілген екі сценарийі әзірленген айтты.
Қабылданған шаралар мен 1 наурызға қарай 14,4 млрд текше метр көлеміндегі бос су қоймалары есебінен су тасқыны суларын қауіпсіз өткізу қамтамасыз етілді, бұл тасқын суларды тиімді реттеуге мүмкіндік берді. Болжам бойынша су қоймаларына келетін су көлемі 14 – 20 млрд текше метр аралығында болады деп күтілген. Қазіргі кезде нақты келген су көлемі – 6,6 млрд текше метр, ал су қоймаларынан жалпы жіберілген су – 3,5 млрд текше метр. Барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді, ал еліміз бойынша су шаруашылығы жағдайы тұрақты.
Бірқатар су шаруашылығы бассейндерінде су тасқыны жағдайы аяқталды. Жайық-Каспий және Тобыл-Торғай бассейндерінде су тасқыны қалыпты жағдайда өтті. Жалпы сыйымдылығы бір текше шақырымға жуық төрт су қоймасы бақыланатын Нұра-Сарысу бассейнінде де су тасқыны қауіпсіз өтті: Су тасқыны алдында 250 млн текше метр қор жиналды. Нақты келген су – 232 млн текше метр. Кеңгір су қоймасында басқарылатын су ағызу жалғасуда, қазіргі уақытта 172 млн текше метр жіберілді. Жалпы сыйымдылығы 1,4 млрд текше метр болатын бес су қоймасы орналасқан Есіл бассейнінде болжанып отырған 3 млрд текше метр судан шамамен 2 млрд текше метр жіберілді. Астана су қоймасына келетін су көлемі азаюда. Барлық нысандар тұрақты жұмыс істеуде.
«Шығыс өңірлерге келетін болсақ, Ертіс бассейнінің Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларында 52 млрд текше метр жобалық сыйымдылықтың қосымша 15 млрд текше метр көлемінде су қоры жинақталған. 9 сәуірден бастап экожүйені сақтау үшін Ертіске 6 млрд текше метрге дейін су жіберу басталды» Нұржан Нұржігітов
Оңтүстік өңірлерде су қоймалары жинақтау режимінде жұмысын жалғастыруда, алдағы суару кезеңіне белсенді дайындық жүргізілуде. Трансшекаралық өзендерге ерекше назар аударылады: Ресей Федерациясы және Қытаймен бірлесіп гидрологиялық ақпаратпен жедел алмасу жүзеге асырылады, су қоймаларының барлық жұмыс режимдері ағымдағы жағдайды ескере отырып келісіледі. Мәселен, жедел деректер бойынша Ресей Федерациясының аумағынан Есіл өзеніне 1,3 шаршы метр су жіберілді.
Министр Ақмола облысында тіркелген су басудың жекелеген жағдайлары гидротехникалық құрылыстардың жұмысындағы бұзылулардан емес, жер бедерінің жергілікті ерекшеліктерінен және егістік алқаптарынан келетін су ағынына байланысты туындағанын атап өтті. Нұржан Нұржігітов атап өткендей, биылғы көктемнің ерекшелігі топырақтағы тоңның жұқа болуында, бұл еріген қар суының жақсы сіңуіне және соның салдарынан жер үсті су ағыны көлемінің азаюына ықпал етті. Өткен жылы, керісінше, топырақтағы тоңнығ қалыңдығыі жоғары болғандықтан, еріген қар суы жерге сіңбей, көп көлемде үстіңгі ағын қалыптасқан болатын.