Құтқарушыларға арналған жаңа арнайы аяқ киім: ТЖМ персоналды қорғауды күшейтеді

4994
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Маңғыстау гарнизоны жаңа мамандандырылған аяқ киім партиясын алды. Аяқ киімдерді жеткізу ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс    Әріновтің бастамасымен ұйымдастырылып, құтқару бөлімшелерінің жабдықтарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аяқ-киімдерді табыс ету рәсімін қазақстандық құтқарушылар қорының басшысы Рашид Жанұзақов өткізді. Ол қызметкерлерді министрліктің 30 жылдығымен құттықтап, қызмет жағдайларын жақсарту қор мен ведомство басшылығы қызметінің басым бағыты болып қала беретінін атап өтті:

«Бұл бір реттік акция емес, еліміздің барлық өңірлерін қамтитын жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Құтқарушылардың қауіпсіздігі, денсаулығы және кәсіби өсуі - біздің басты мақсатымыз. Біз экипировканы барлық бөлімшелер толық қамтылғанша жаңартуды жалғастыруға ниеттіміз».

Келіп түскен аяқ киім жоғары жүктемелер мен климаттың ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген, бұл жеке құрамның жайлылығы мен қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның келесі кезеңі аясында өңірге жаңа нысанды киім-кешек жіберіледі.

Қор өңірлердегі қызметте заманауи жағдайлар жасау үшін ТЖМ-мен ынтымақтастықты жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -