Душанбеге барған Қазақстанның жас шахматшылары керемет табысқа жетті: 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Батыс Азия чемпионатында 39 медаль жеңіп алды! Оның 16-сы алтын, бұл турнирдің үздік нәтижелерінің бірі, деп хабарлайды DKnews.kz.
13 елдің намысын қорғаған 391 қатысушының басы қосылған бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы бағдарламаның әр түрінде – рапид, блиц пен классикада сенімді түрде басқалардан басым түсті.
Медальдерді түрлері бойынша бөлгенде:
- Рапид: 7 алтын, 3 күміс, 4 қола (барлығы 14 медаль);
- Блиц: 5 алтын, 3 күміс, 1 қола (барлығы 9 медаль);
- Классика: 4 алтын, 3 күміс, 9 қола (барлығы 16 медаль).
Батыс Азия-2025 чемпиондары:
Рапид
- Әдинур Әділбек (O8, Астана)
- Амалия Едрешева (G8, Астана)
- Сымбат Жетпіс (G10, Атырау облысы)
- Нұрасыл Пірімбетов (O12, Астана)
- Алдияр Жауынбай (O14, Астана)
- Әлихан Дәулет (O16, Алматы)
- Әсия Асылхан (G16, Түркістан облысы)
Блиц
- Әдинур Әділбек (O8, Астана)
- Амалия Едрешева (G8, Астана)
- Әміржан Әнетов (O10, Астана)
- Мария Холявко (G14, Алматы)
- Мәлика Жаппарбекова (G16, Астана)
Классика
- Әміржан Әнетов (O10, Астана)
- Әлімжан Жауынбай (O12, Астана)
- Мария Холявко (G14, Алматы)
- Сұлтанбейбарыс Думанұлы (O16, Абай облысы)
7 жасар Әдинұр Әділбек пен 13 жасар Мария Холявко шахмат сүйер қауымды ерекше таңдандырды – олардың әрқайсысы екі алтын және бір қола медальден жеңіп алып, турнирдің басты қаһармандарына айналды.
«Қазақстан мақтан тұтатын біздің жас таланттарымыз бұл жолы да төбемізді көкке жеткізді! Олардың жеңістері – жай ғана медаль емес. Бұл шахматқа деген зор сүйіспеншіліктің, күнделікті қажырлы еңбектің және өзінің күшіне деген сенімнің жемісі. Осындай әр жетістік барлығымыз бірге Қазақстанның мықты шахмат мектебін құрып жатқанымызды еске салады. Бұның жақсы нәтижесін көріп жатырмыз. Баршамызға осындай зор қуаныш сыйлаған дарынды спортшыларға, олардың ата-аналары мен жаттықтырушыларына рақмет. Осындай бақытты сәттер көбейе беруі үшін жұмысты одан әрі жалғастырамыз!» Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов
Бүгінгі күні Қазақстандағы шахмат — жай ғана спорт емес, бұл білімге, жеңіске және жаңа шеберліктің шыңына жетуге ұмтылыстың нышаны.
Душанбеде чемпион атанған жас шахматшыларымыздың бұл жеңісі Қазақстанның мықты шахмат дәстүрі бар, үлкен жеңістер елі екенін тағы да дәлелдеді.
Және де бұл үлкен жолдың бастамасы ғана!