2025 жылдың алғашқы төрт айында Алматыда 12 мыңнан астам жаңа шам, 450 тірек орнатылып, 110 шақырым кабель тартылды. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» ШКК басшысы Игорь Мысик баспасөз туры барысында мәлімдеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жыл соңына дейін жаяу жүргіншілер аймақтарында, саябақтар мен тротуар бойында 5700 шам тірегін орнату жоспарланып отыр. Қазір бұл жұмыстар әл-Фараби даңғылы мен Бұқар жырау бульварында жүріп жатыр. Қала орталығында ағаштарды сақтау мақсатында сыртқы кронштейндер орнатылуда.
Жарықтандыру Дулати, Әуезов, Байзақов көшелерінде және Медеу ауданында да күшейтілді.
Жылдың ең ірі жобаларының бірі — Алматының әл-Фараби, Төле би, Сейфуллин, Абай, Назарбаев, Әуезов және Наурызбай батыр сынды 7 негізгі көшесінде жарық жүйесі жаңартылды.
Жалпы биыл 1200 жаңа жарық желісі салынады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп.