Шекарасыз логистика: Қытай мен Қазақстан ТХКБ-ды дамытуда

2739
Фотосурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Қытайдың Сиань қаласынан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) маршруты бойынша контейнерлік пойыздың құрамында 100 мыңыншы контейнер (ЖФЭ баламасында) жөнелтілді. Пойыз құрамында электроника, жиһаз, халық тұтынатын тауарлар және басқа да өнімдері бар 50 контейнер жасақталған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мерейтойлық жөнелту "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, Қытай темір жолдары мен Сиань порты компаниялар тобының (ҚХР) бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

 Пайдаланға берілген 2024 жылдың ақпан айынан бері Сиандағы қазақстандық-қытайлық терминалдан 200 мың тоннадан астам жүк өңделіп, халықаралық саудадағы маңызды логистикалық платформаға айналды.

Осы терминалдан 100 мыңыншы контейнерді жөнелту оның жоғары сұранысы мен ТХКБ маршруты бойынша тасымалдауға әсерін, сондай-ақ екі елдің логистикалық серіктестері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін растайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -