70 миллион теңге алаяқтығы: жалған құрылысшы 5 жылға сотталды

2629
Фотосурет: ҚМА

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру барысында Корниенко Н.Н. ешқандай өкілеттігі болмаса да, өзін «СК 2032» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы ретінде көрсетіп, «МИЗАМ» көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қатысты 9 келісімшарт жасағаны анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz

Осылайша ол азаматтардың 70 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 200 млн теңге болатын 8 мың шаршы метр жер теліміне тыйым салынды.

Сот үкімімен Корниенко Н.Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мүлікке салынған тыйым жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін пайдаланылатын болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -