Назар аударыңыз! Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарына тексеру жүргізу жөнінде жалған хабарламалар таратып жатыр. Бұл хабарламаларда азаматтарды «құжаттар тапсырып, серіктес болуға» шақырады.
Хабарлама сенімді болып көрінуі үшін Агенттіктің логотипі бар жалған бланкіде, қолдан жасалған мөрмен ресімделеді.
Кейін алаяқтар өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалып, банк шоттары туралы ақпаратты алдап сұрап алады.
Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай тексерулер жүргізбейді және телефон арқылы қоңырау шалмайды.
Ақпараттың шынайылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгініңіз.
Азаматтарды мұқият болуға, ақпаратты ресми дереккөздермен салыстыруға және алаяқтардың айласына алданбауды шақырамыз.