Қазақстанның жаңа көлік министрі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды.
Тиісті жарлыққа бүгін, 2025 жылғы 30 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды:
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды Қасым-Жомарт Тоқаев
Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы — 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.
Жұмыс тәжірибесі:
1991-1997 жж. – "Еңбек" компаниясының бас директоры;
1997-1998 жж. – Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің атқарушы директоры;
1998-2000 жж. – "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшы лауазымдарындағы жұмыс;
2000-2010 жж. – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы лауазымдарында жұмыс істеді;
2010-2011 жж. – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры;
2011-2014 жж.- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі;
2014-2016 жж. – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары;
2016-2017 жж. – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастыру комитетінің басшысы;
2017-2018 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі;
2019-2021 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі;
2021 жылдың сәуір айынан бастап – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы.