ФАТФ қызметінде: Қазақстан қаржылық қауіпсіздікті күшейтуде

1133
Фотосурет: Gov

Биыл 30 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Заң) қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Заңда терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалардың қаржы нарығына қолжетімділігін шектеу жөніндегі шараларды күшейту көзделеді. Атап айтқанда, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғалардың сақтандыру брокерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін иеленуіне тыйым салуенгізіледі.

Заң Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, егер олар терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалардың тиісті тізбесіне енгізілген болса, сақтандыру брокерінің қатысушылары мен акционерлеріне қатысты қадағалау шараларын қолдану жөніндегі өкілеттіктер береді. Атап айтқанда, Агенттік олардан сақтандыру брокерлерінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін 10%-дан аз мөлшерге дейін азайтуды талап етуге құқылы.

Осыған ұқсас шаралар банктерге, сақтандыру ұйымдарына және инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты қолданылады.

Бұл тәсіл қаржы жүйесін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланудан қорғауға бағытталған ФАТФ (Financial Action Task Force немесе Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобыхалықаралық стандарттары мен қағидаттарына сәйкес келеді.

Көрсетілген өзгерістер Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -