Тұтынушылардың құқығын қорғау: несиеге қатысты сақтандыру әділеттірек әрі ашық болады

1276
Фотосурет: Gov

Биыл 30 маусымда Мемлекетбасшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Заң) қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Заңда сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының мөлшерін банктік қарыздармен немесе микрокредиттермен байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10%-ына дейін шектеудіенгізудікөзделеді.

Бүгінгі күні көптеген банктер мен микроқаржы ұйымдары сақтандыру агенттері ретінде әрекет ете отырып, қарыз берудің міндетті шарты ретінде сақтандыру шартының болуын қамтиды. Мұндай қызметтер үшін сақтандыру ұйымдары оларға 90%-ға дейінгі мөлшерде комиссиялық сыйақы төлейді. Заң арқылы ұсынылған жаңа ереже тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және сақтандыруды ашық және қолжетімді етеді.

Заң бойынша банктер сақтандыру талаптарын жүктемеуге тиіс,сондай-ақ қарыз алушыны сақтандыру ұйымын таңдауда шектеуге құқығы жоқ. Бұл ерікті сақтандыру өнімі және оның талаптары тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында айқындалады.

Сондықтан кредитке байланысты сақтандыруды рәсімдеу кезінде тұтынушы оның талаптарын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысы мен агенттік сыйақының мөлшерін мұқият зерделеуге тиіс. Ұсынылған талаптармен келіспеген жағдайда қарыз алушы өз таңдауы бойынша басқа сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.

Түзетулер Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -