Инновациялар, археология және экология: Атырау университеті кең ғылыми әлеуетін көрсетуде

1903
Фотосурет: Gov

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алдымен депутат талапкерлерге қызмет көрсететін Қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, ата-аналармен әңгімелесті.

Сонымен қатар Дүйсенбай Нұрбайұлы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған, профессор-оқытушылардың онлайн дәрістерін жазатын телестудияны аралап көрді. Бүгінде аталған студияда жазылған дәрістердің алды әлемдік «Coursera» платформасында оқытыла басталғанына халық қалаулысы ризашылық білдіріп, сәттілік тіледі. 

Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық жобалары қойылған көрмені тамашалады. Мұнда құнарлы мал азығын дайындау, білім беруді жетілдіруге арналған жобалар мен коммерцияландыруға дайын өнертабыстар, экоөнімдер, археологиялық қазба жәдігерлері сынды маңызды жобалар қойылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -