Тоқаев Алматыдан Қонаевқа жетім балаларды көшіруді тоқтатты

1375
Фотосурет: Ақорда

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді. Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді"  

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында жазды

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -