Омбудсмен мен облыс прокуроры сотталғандардың қайта әлеуметтену деңгейін бағалады

2717
Фотосурет: Gov

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен облыс прокуроры Марат Әбішев Ақтөбе қаласында орналасқан №8 орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бару барысында мекеме әкімшілігі сотталғандардың тұрмыс және өмір сүру жағдайларын, тамақтану мен медициналық көмектер  көрсету тәртібін көрсетті.

Облыс әкімдігінің қолдауы және облыс прокуратурасының ықпалымен мекеме кезең-кезеңмен сотталғандарға білім беру үшін қажетті техникалық құралдармен және еңбекпен айналысуға арналған жабдықтармен жабдықталуда. Басқаша айтқанда, сотталғандар кәсіби дағдыларды меңгеріп, босатылғаннан кейін қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік алуда.

Мекеме аумағында орта білім беретін мектеп жұмыс жасайды, сондай-ақ балық өнімдерін өңдеу, темірбетон бұйымдарын өндіру және басқа да бағыттар бойынша мамандандырылған 18 өндіріс орны бар, онда 215 сотталған еңбек етуде.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотталғандармен кездесу өткізіп, қорытындысы бойынша мекеме әкімшілігіне сотталғандардың ұсталу жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

Өз кезегінде облыс прокуроры сотталғандардың нақты қылмыстық істер бойынша берген өтініштері мен шағымдарын қарады.

Марат Әбішев сотталғандардың құқықтарын қорғау мәселесі тұрақты бақылауда екенін, барлық мүдделі органдармен, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілімен тиімді өзара іс-қимыл және сындарлы ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -