2026 жылғы мамыр айында тапсырылуы қажет салық есептіліктері мен төлемдері

1001
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

2026 жылғы мамыр айында салық төлеушілерге салық есептілігін тапсыру және төлемдер бойынша бірқатар міндеттемелерді орындау қажет. Бұл айдағы есептілік жүйесі 1 тоқсан қорытындысымен айқындалады, сондықтан уақытылы және дұрыс орындау жауапкершілігін арттырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салық есептілігі:

15 мамыр:

  • 101.03-нысан – резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша есеп (1 тоқсан).
  • 101.04-нысан – бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп (1 тоқсан).
  • 200.00-нысан – жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық бойынша декларация (1 тоқсан).
  • 300.00-нысан – ҚҚС бойынша декларация (1 тоқсан).
  • 400.00-нысан – наурыз айына арналған акциздер бойынша декларация.
  • 500.00-нысан – жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бойынша декларация (1 тоқсан).
  • 510.00-нысан – қол қою бонусы бойынша декларация (1 тоқсан).
  • 531.00-нысан – заттай нысандағы салық міндеттемелерін орындау бойынша декларация (1 тоқсан).
  • 590.00-нысан – ПҚӨС және ілеспе төлемдер бойынша декларация (1 тоқсан).
  • 641.00-нысан – аударымдар мен жарналар бойынша есеп (1 тоқсан).
  • 701.01-нысан – мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі.
  • 710.00-нысан – ойын бизнесі салығы бойынша декларация (1 тоқсан).
  • 860.00-нысан – су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация (1 тоқсан).

Төлемдер:

5 мамыр:

  • Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың сәуір айына арналған ЖТС төлемі.

15 мамыр:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін (платформалар арқылы) сәуір айына арналған ЖТС төлемі.

20 мамыр:

  • ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС бойынша төлем (сәуір айы).
  • Акциздер, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импорт бойынша.

25 мамыр:

  • КТС бойынша аванстық төлемдер (мамыр айы).
  • Сәуір айына төлем көзінен ұсталған КТС төлемі.
  • Сәуір айына төлем көзінен ұсталған ЖТС төлемі.
  • Сәуір айына әлеуметтік салық төлемі.
  • Мамыр айына сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем.
  • Сәуір айына бірыңғай төлем.
  • Сәуір айына әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МЗЖЖ, МЗЖР, ӘА, МӘМС, МӘМСЖ).

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің міндеттемелерін уақытылы орындауы үшін жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады. Салық міндеттемелерін дұрыс орындау ел экономикасын тұрақты дамытуға үлес қосады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -