Арнайы жұмыс тобы «Астаналық базар» мен «Орталық базарды» аралап, кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жүргізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында бизнес өкілдеріне салық заңнамасы, сондай-ақ өрт және санитариялық қауіпсіздік талаптары түсіндірілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, елордада сауда базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осы орайда базар иелері жалға алушыларға заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасауы тиіс», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев.
Бұл бағыттағы түсіндіру жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.