Қазақстан туристік нарықтағы позициясын нығайтып келеді

1298
Фотосурет: bariceric/ Pixabay.com

2025 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде оң көрсеткіш байқалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Яғни, биылғы алғашқы алты айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 460,2 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (390,5 млрд теңге) 18%-ға артқан.

Талдау барысында тұрғын үй және тамақтану, өнер, ойын-сауық және демалыс, көлік, жалға беру, туризм бизнесі, спорт және бос уақытты ұйымдастыру сынды 14 экономикалық қызмет түрі ескерілді.

Өңірлер бойынша инвестиция өсімінде көш бастағандар:

  • Ақтөбе облысы – өсім 342%
  • Ұлытау облысы – өсім 154,7%
  • Қызылорда облысы – өсім 106,2%
  • Атырау облысы – өсім 96,6%
  • Алматы қаласы – өсім 74,7%
  • Павлодар облысы – өсім 62%

Бұл көрсеткіштер туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын және сектордың инвестициялық тартымдылығы артып отырғанын көрсетеді. ҚР Туризм және спорт министрлігі өңірлердегі инвестициялық бастамаларды қолдау мен туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -