Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz ұлттық жобасы қолжетімділігінің кеңейгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Портал енді Egov.kz электрондық үкімет платформаларында қолжетімді. Бұл жобаға қолжетімділікті кеңейтуге және халықтың барлық санаты үшін пайдаланудың ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Fingramota.kz-ті мемлекеттік онлайн-қызметтердің экожүйесіне енгізу цифрландыру мен Қазақстан азаматтары арасында қаржылық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Енді портал пайдаланушылары:
- проблемалық берешекті қайта құрылымдау;
- қаржылық алаяқтықтан қорғау;
- сақтандыру және банктік қызметтерді пайдалану негіздері;
- жеке және отбасылық бюджетті тиімді жоспарлау;
- бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мүмкіндіктері және т.б. мәселелер бойынша өзекті және сенімді ақпаратты жедел ала алады.
Fingramota.kz-ті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталына ықпалдастыру қаржылық сауаттылықты арттыру және азаматтардың жеке қаржыны басқаруға жауапты қарауын қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.
Fingramota.kz жобасын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі іске асырады және халықтың қаржы саласындағы білім деңгейін арттыруға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және қаржылық іс-қимылдың орнықты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.