Жетісуда көпқабатты үйлердің құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды

1221
Фотосурет: Gov

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті тұрғын үйлердің құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

2021 жылы тапсырыс беруші мен мердігер ұйым арасында жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге екі көпқабатты тұрғын үй салуға келісімшарттар жасалған.

Алайда қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қарамастан, бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары іс жүзінде атқарылмаған. Жоспарланған тоғыз қабаттың тек жетеуі ғана тұрғызылған, жылыту, сумен жабдықтау, электр жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген, сонымен қатар сыртқы әрлеу жұмыстары жоқ.

Осылайша, құрылыс аяқталмай, нысанды пайдаланысқа беру мерзімдері бұзылған. Мемлекетке келтірілген шығын 152 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен құрылысшы компанияның мүлкіне тыйым салынды.

Іс бойынша күдікті ретінде мердігер ұйымның директоры және құрылысқа техникалық қадағалау жасаған компания қызметкерлері танылды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -