2025 жылдың 1 шілдесінен бастап әскери тұрғын үймен қамтамасыз етуде не өзгерді?

1298
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты жаңа түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл өзгерістер тұрғын үй төлемдерін пайдалануға қатысты қатаң талаптарды енгізеді. Енді бұл қаражатты тек тұрғын үй сатып алуға немесе жалға алуға ғана жұмсауға болады. Басқа мақсаттарға пайдалану шектеледі. Ондағы  басты мақсат осы төлемдердің нақты тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталуын қамтамасыз ету.

1. Біржолғы төлемдер бойынша жаңа ережелер

2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметке шақырылған және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін (БТТ) алу тәртібі өзгерді.

Бұдан былай қарай бұл төлемдерді тек ипотекалық негізгі қарызды өтеу үшін пайдалануға болады.

Соманы шектеу. БТТ сомасы енді сіздің ипотекалық қарызыңыздан аспауы керек. Мысалы, егер сіз 20 млн теңгені есептесеңіз, бірақ сіздің ипотекалық қарызыңыз 10 млн теңгені құраса, сіз тек 10 млн теңгені аласыз.

Ереженің 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін ипотека алғандарға қатысты жоқ.

Келісімшарты аяқталып жұмыстан шығу. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап келісімшарты аяқталып жұмыстан шыққан әскери қызметшілердің БТТ алуға құқы жоқ. Бұл төлемдер шектеулі жаспен, денсаулығына байланысты, штат қысқартылғанда немесе отбасылық жағдаймен жұмыстан шығарылған кезде ғана сақталады.

2. Тұрғын үй төлемдерін қалай пайдалануға болады?

Қазір тұрғын үй төлемдерін пайдалану бағыттары қатаң түрде шектелген. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап бұл төлемдерді тек келесі мақсаттарға ғана жұмсауға болады:

  • тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде ипотека арқылы),
  • тұрғын үй жинақ шотына қаражат жинауға,
  • тұрғын үйді жалға алуға. Алайда, жалдау төлемдеріне қатысты маңызды шектеу енгізілген: бұл төлемдерді жалға алу үшін тек 8 жылға дейінгі мерзімге ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін тұрғын үй төлемдері автоматты түрде сіздің жинақ шотыңызға аударылады.

Сондай-ақ, барлық жалдау шарттары міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.Сондай-ақ жақын туыстарынан баспана сатып алуға немесе жалға алуға тыйым салынады.

3. «Қосымша» төлемдерді қайтеміз?

Егер ипотека төленгеннен кейін сіздің шотыңызда ақша қалса, оны басқа мақсаттарға жұмсау мүмкін емес. Енді жылына бір рет бұл қалдықтар автоматты түрде ипотеканы мерзімінен бұрын өтеуге жіберіледі. Тұрғын үй төлемдерін мақсатсыз пайдаланған жағдайда ақшаны мемлекетке қайтаруға тура келеді.

Мысалы: бес адамнан тұратын отбасы ай сайын 400 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй төлемдерін алады делік. Ипотекалық төлемдерді өтеуге ай сайын 300 мың теңге жіберіледі. 100 мың теңге мөлшеріндегі қалдық арнайы шотта жинақталып, жыл соңында ипотекалық төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуге жіберіледі.

4. Бұған дейін тұрғын үй алғандарға арналған ережелер

Тұрғын үйге құқығын жүзеге асырған (мысалы, оны жекешелендірген немесе ақшалай өтемақы алған) әскери қызметшілер енді басқа елді мекенге ауысқан жағдайда ғана төлем ала алады.

Оларға қызметтік тұрғын үй беріледі.

Егер тұрғын үй болмаса, олар әдеттегі соманың 50% мөлшерінде тұрғын үй төлемдерін алады. Бұл ақшаны қызметтік тұрғын үй берілгенге дейін жалға алуға ғана пайдалануға болады.

Ұсынылған қызметтік тұрғын үйден бас тартқан жағдайда төлемдер тоқтатылады.

5. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болса?

Егер сіз басқа әскери қызметшімен некеде болсаңыз, сізде бүкіл отбасы үшін тұрғын үй төлемдері үшін бір ғана арнайы шот болуы мүмкін. Ерлі-зайыптылар төлемдерді кім алатындығын өздері шешеді. Бұл жағдайда сіз шоттар арасында ақша аудара аласыз, ал екінші шотты жабу керек.

6. Ағымдағы ақпаратты қайдан алуға болады?

Қорғаныс министрлігі 8-778-072-53-42, «Эриксон» 2-53-42 телефондары бойынша қабылданған өзгерістерді түсіндіру мәселелері бойынша жедел желі ашты. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін.

Ақпараттық сервис алаңында ARMIA.KZ ең өзекті ақпараттық материалдар, сұрақтар мен жауаптар жарияланды және жариялануда. Сонымен қатар, тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістерге қатысты сұрақтарға жауап беру үшін Kz_army_shanyraq «Instagram» арнасы құрылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -