Тоқаев Energy China компаниясымен ынтымақтастықтың Қазақстан энергетикасы үшін маңыздылығын атап өтті

1573
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Бейжіңде China Energy Engineering Group компаниясының бас директоры Ни Чжэнмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ни Чжэн ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен бірлескен жобаларды дамытудың жай-жапсарын талқылады.

Әңгімелесу барысында электр желілері инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге, дата-орталық салуға, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу арқылы электр қуатын өндіру жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерге назар аударылды.

Energy China компаниясы Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын тұрақты электр желілерінің құрылысын жүргізуге ниет танытып отыр. Сондай-ақ жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру мүмкіндігін қарастырады.

Fortune Global 500 рейтингіне кіретін халықаралық ірі компания жел, күн және жылу қуатын өндіру, ядролық энергетика, су үнемдеу мен гидроэнергетика салаларында жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -