Мутургановтар цирк әулеті елорда тұрғындарына тамаша шоу сыйлады

1144
Фотосурет: Gov

Астанада аты аңызға айналған Мұтырғановтар әулеті жетекшілік ететін «Ретро Шапито циркі» өз гастрольдерін тәмамдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қорытынды қойылымнан кейін әртістер республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, аренаны ретке келтірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Гастроль барысында елордалық көрермендер акробаттар, жонглерлер, иллюзионистер мен клоундардың ерекше өнерін тамашалады.

Мұтырғановтар әулетінің өнерпаздары шоуға келген қонақтарды әрдайым таза аренада қарсы алды.

Акция аясында әртістер қойылымнан соң аренаны өздері жинап қана қоймай, көрермендер де сырт қалмай, трибуналарды қоқыстан тазартып, туған қаласына деген қамқорлық пен жанашырлық танытты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -